Оқиға Тамақтану терапиясы

"Өмірге деген құштарлық"

Қысқа ішек синдромымен өмір сүріп жатқан Польшалық емделуші Марек Личота парентералдық тамақтанудың арқасында өмір сүру сапасын жақсартуда.

Крон ауруына шалдығуға байланысты ағзадағы ішексіз өмір сүру керек екендігіңізді елестетіп көріңізші....иә, әрине, осыған қатысты көптеген сұрақтардың туындауы  ғажап емес. Сіздің өміріңіз үшін бұл нені білдіретін еді? Тамаққа деген көзқарасыңыз өзгереді ме? Күнделікті міндеттер мен жұмыс, отбасы және достарыңызбен уақыт өткізу сияқты шараларға қаншалықты әсер етеді? Аталмыш ауру түрімен өмір сүріп жатқан 35 жасар Польшалық емделуші Марек Личота емнің арқасында "өмірге қайта  құштарлық берген" ұстанымымен үй жағдайында парентеральды тамақтануы жайлы өз оқиғасын әңгімелейді.

Марек Личотаның сырқатнамасына медициналық тұрғыдан көзқарас

Доцент Станислав Клек соңғы он бес жыл бойы Краков HPN (үй жағдайында парентералдық тамақтану) орталығына басшылық етті. Қазіргі уақытта оның бақылауында 101 HPN емделушілері бар, солардың бірі — Марек. Марек пен Доценттің 2005 жылдағы кездесуі кезінде Маректің хал ахуалы нашар болатын, ал бүгінгі таңда Біздің емделушіміздің оқиғасы  елдегі парентералдық, ішек арқылы тамақтану қауымдастығы үшін шабыт көзі болып табылады.

Қатысты ақпарат

Парентералдық тамақтану