Жаңа бостандық

Жаңа бостандық

Бұрын ауруханада қарқынды терапияны қажет ететін емдеу әдістерімен үйде өздері емделетін адамдар саны көбейіп келеді. Көп емделушілер денсаулық сақтау жүйесінің ресурстарын үнемдей отырып, өз өмірлерінің тізгінін өз қолдарына алуда.

Үйде емделіп, тезірек сауығуға болады ма?

Клаудия және Маттиас Хэтчерлер, қырық жастағы ерлі-зайыптылардың ерекше хоббиі: Марвел фильмдерін қарау. Олар бірге «Темір адам» не «Керемет Халк» секілді фильмдерді жиі көруге баратын. Олар жыл сайын Кельн қаласындағы Gamescom ойын көрмесіне баратын. 2018 жылдан бастап бұл мүмкін болмай қалды. 

Клаудия мен Матиас Хэтчер

Инфаркттан кейін және әртүрлі созылмалы сырқаттарына байланысты Маттиастың бүйректері әлсіреді. Бүйрек трансплантациясы сәтсіз болып, оған диализ қажет болды. «Басыңа түспесе білмейсің», дейді Клаудия Хэтчер. Диализ бәрінен бұрын жоғалған уақытты білдіреді. Емделушілер диализ жасау орталығына аптасына кемінде үш рет барулары тиіс және олар емханаға бару уақытын таңдай алмайды. Ол жерге барып, аппарат қанды улы заттардан тазартқанға дейін емделушілер төрт, алты сағат күтулері тиіс. Сау адамда бұл процесті бүйректер атқарады. Диализдегі емделушілер күн көру үшін жұмыс істеуі керек болса, олардың өмірі тек диализден және жұмыстан тұрады. «Барып, келу де бар», деп толықтырады Клаудия Хэтчер. «Қалыпты отбасылық өмір сүру енді мүмкін емес. Біздің үш баламыз ересек өмірге енді аяқ басты, біз өзіміз үшін тағы біраз өмір сүргіміз келді». Бірақ өткен жылы Бесвайлер қаласынан келген жұптың арманы босқа кетті. 

Кейіннен Хэтчерлер диализді үйде жасау мүмкіндігі жайлы естіп, B. Braun компаниясына хабарласты. Медициналық ұжым жабдыққа арналған пәтер өзгертулерімен жұмыс істеді, ал Хэтчерлер бірнеше апта бойы қарқынды дайындық курстарына қатысты. Енді Маттиас Хэтчэр әйелі мен жедел-шығу күтім қызметкерлерінің көмегімен арнайы жөнделген бөлмеде қанын үйден тазартады.

„Үйде сәтті емделудің сыры - емделушілердің жалғыз болмауы. Көмектесетін отбасы немесе достардың және емдеуді бақылайтын білікті күтім қызметкерлерінің болуы өте маңызды“

– профессор, доктор Heike Spaderna, Трир университетіндегі денсаулық психологиясының профессоры.

B. Braun: қауіпсіз және жоғарғы сапалы үйден емделу

Қазіргі таңда білікті мамандардың көмегімен емделушілердің өздері басқара алатын дәрежеге жеткізілген емделу түрлері көбейіп келеді. B. Braun компаниясы бұл трендті қолдау, қауіпсіз, жоғарғы сапалы үйден емделуді ұсыну үшін әртүрлі бағдарламаларды дамытуда. Оларға Таиландтағы үй химиялық терапиясы, Ирландиядағы үйден ішек стомасын күту, Ұлыбританиядағы үйден парентеральды тамақтандыру және Германиядағы үйдегі диализ бағдарламалары кіреді.

Адамдарды ауруханада емес, өз бөлмелерінде үйде емдеу — көптеген емделушілердің өмір сапасын жақсартатын тәсіл. «Ауыр немесе созылмалы сырқаттары бар адамдар жиі депрессия мен мазасыздыққа душар болады. Олар өздерін дәрменсіз сезінеді және өз өмірін аз басқарады», дейді Хейк Спадерна, Трир университетінің денсаулық психологиясының профессоры. Емдеу уақытын таңдай білу және өзіңізге және отбасыңызға көбірек уақыт бөлу психикалық денсаулық жағдайына үлкен өзгеріс әкеледі.

«Бірақ үйде табысты емделудің сыры — емделушілердің жалғыз болмауы. Көмекке келетін отбасының немесе достардың және емдеуді бақылайтын білікті күтім қызметкерлерінің болуы өте маңызды», деп денсаулық психологы ерекше атап өтті. Бұл жағдайлар өз орнында болса, үйде емдеу — үлкен психологиялық артықшылық.

Клаудия және Маттиас Хэтчерлер арнайы қолданбаны пайдаланып, барлық қажетті материалдарға тапсырыс береді. Оларға жабдықты техникалық жөндеу мен қолдау көрсету үшін B. Braun үй қызметінің қызметкерлері жиі келіп тұрады. Олардың диализ аппараты ғаламторға қосылған және ол емделушінің салмағы немесе қан қысымы сияқты барлық маңызды деректерді диализ орталығының дәрігерлеріне жібереді. Қандай да бір мәселелер немесе сәйкессіздіктер болса, Хэтчерлер B. Braun компаниясының диализдік оқытушысын шақыра алады. Ол адам бос болмаса, B. Braun компаниясының жедел желісі тәулік бойғы сенімді қызметімен қамтамасыз етеді. Маттиас Эрфтштадт қаласының маңайындағы (Кельн облысында) диализ орталығына айына бір рет тексерілуге барып тұрады.

„Үйдегі диализдің, тіпті медициналық тұрғыдан алғанда да, үлкен артықшылықтары бар. Үйде ем қабылдайтын адамдардың денсаулығы мықты және нәтижелері диализ орталықтарындағы емделушілерге қарағанда жақсы болып келеді.“

– Симон Кляйн, Германиядағы B. Braun үйдегі гемодиализ қызметінің басшысы

Бірақ үйде емдеу ауруханадағыдай тиімді және қауіпсіз бе? Кейбір емделушілер үйде екінші сұрыпты ем аламыз деп қорқады. Бұл шындықтан алыс болуы мүмкін емес, өйткені үйде емдеудің барлық жобаларынан алынған тәжірибе көңілге қуаныш ұялатады. «Үйдегі диализдің медициналық тұрғыдан алғанда да үлкен артықшылықтары бар. Үйде ем қабылдайтын адамдардың денсаулығы мықты және нәтижелері диализ орталықтарындағы емделушілерге қарағанда жақсы» деп хабарлайды Германиядағы үйдегі гемодиализ қызметінің басшысы Симон Кляйн. Себебі диализ орталығында емделушілер аптасына үш рет диализден өтеді. Әсіресе демалыс күндеріндегі ұзақ үзіліс кезінде қанда уыттар жиналып, емделушінің жағдайы нашарлайды. «Емделушілер үйде диализден жиірек және ұзағырақ уақыт бойы өте алады. Бұл емнің демалыс күндері тоқтап қалуын болдырмайды. Олар диализді күнделікті өмірмен оңай біріктіре алады. Диализге көбірек уақыт қалып, процедура кезінде күйзелістің азаюы ағзаға жеңілірек тиіп, емделушіні қатты шаршатпайды». Диализдегі емделушілердің көбісі жұмыс істей алмайды. Диализ процедурасы барынша жылдам жасалуы керек, процедура себебінен емделушілердің денелері қатты шаршайды. Енді Маттиас Хэтчер өз жұмысын жалғастыра алды. Ол бизнес клеркі ретінде толық күндік жұмыс жасайды. 

„Үйде біздің қолдауымызды қажет ететін және өздеріне инфузия жасайтын емделушілердің өмір сапасы жақсарып қана қоймай, олардың тиісті жағдайлары қайталанбауға, асқынуларға ұшырамауға бейім және олар тезірек сауығады“

– Збигнев Запаловский, Шеффилдтегі B. Braun бизнес менеджері және Ұлыбританиядағы үйден парентеральды тамақтандыру бағдарламасына жауапты маман.

Емделушілерге парентеральды тамақтандыру қажет болғанда, олар ауруханадан қарағанда үйде жақсырақ жазылады. Бұл тамақтану түріне сүйенетін адамдар ішек бітелуі немесе өңеш қатерлі ісігі сияқты ас қорыту жүйесінің сырқаттарымен ауырады. Олардың ас қорыту жүйесі өз қызметін атқара алмайтындықтан, олар вена арқылы тамақтанады. Кейбір адамдар үшін бұл ем өмір бойына созылуы мүмкін. «Үйден біздің көмегімізді қолданатын және өздеріне инфузия жасайтын емделушілердің өмір сапасы жақсарып қана қоймай, олардың тиісті жағдайлары қайталанбауға, асқынуларға ұшырамауға бейім және олар тезірек сауығады», дейді Збигнев Запаловский, Ұлыбританиядағы Шеффилд қаласындағы B. Braun үйден парентеральды тамақтандыру жобасының менеджері. Ауруханадағы емделушілерге қарағанда, үйден күтілетін емделушілер емдеу режимін жақсырақ сақтайтындарын көрсетті. Яғни олар емделе беруге дайын және дәрілерін өздігінен тоқтату ықтималдығы аз. «Осындай жағымсыз процедурадан өмір бойы өтуі керек емделушілер мүмкіндігінше қалыпты өмір сүре алса, қатты қуанады», деп Запаловский баса айтты.  

Аурухана ресурстарының тиімдірек пайдаланылуы

Емделушілердің жақсырақ өмір сапасымен қоса, үйден емделудің тағы бір артықшылығы: емделушілердің үнемдеген ресурстарын қажетті жерлерге жұмсау мүмкіншілігі. Бұл, әсіресе, Таиландтағы үй химиялық терапиясында ерекше байқалады. Бангкоктағы Раматибоди ауруханасының дәрігерлері кейбір онкологиялық емделушілерін үйден бірнеше жыл бойы емдеп, B. Braun қамтамасыз еткен тәжірибе мен инфрақұрылымның пайдасын көруде. Емделушілер әлі де Таиландта кең таралған сияқты апталар бойы ауруханада төсек тартып жатуға мәжбүр емес. «Өкінішке орай, Таиландта қатерлі ісік аурулар саны күрт өсіп жатыр», дейді онкология бөлімшесінің бастығы Пичаи Чансривонг. Қазіргі таңда аурухана дәрігерлері жылына шамамен 1000 адамды емдейді. «Орта есеппен тағы 300 адам химиотерапияны қажет етеді». Дегенмен аурухана тағы көбірек төсектермен, қызметкерлермен қамтамасыз ете алмайды. Дәрігерлердің кейбір емделушілерді емдеместен үйге жіберулеріне тура келеді. 

Бангкоктағы Раматибоди ауруханасындағы емделушілерді емдеу

Ауруханада емделу қымбат және қызметкерлерге шығын көп шығады. Раматибоди ауруханасына жақсы, қолжетімді емдеу мен ресурстарды үнемдеуге кепіл беретін шешім керек еді. Батыстың АҚШ және Германия сияқты индустриалды елдеріндегі денсаулық сақтау жүйесі емдеуді тиімдірек ету арқылы мәселені шешеді. Мысалы, Германияда ауруханада жату уақыты 13 күннен (1992 ж.) шамамен жеті күнге (2018 ж.) азайды. Мүмкін болғанда емделушілер үйлеріне оралып, содан кейін амбулаториялық көмек алады. Бұл ресурстарды тиімді пайдалану әдісі. Зерттеулер көрсеткендей, көптеген жағдайларда ерте ауруханадан шығу емделушілер үшін пайдалы. Үш жыл бұрын дәрігер Чансривонг және аурухана директоры Сурасак Лилаудомлипи онкология бөлімшесінде жаңа үйден күтім бағдарламасын бастады: емделушілер керекті дәрі-дәрмек дозасын ауруханадан немесе дәріханадан алып, содан кейін үйлеріне қайтады. Кейбір жағдайларда олар тіпті дәрілерін үйден қабылдаған. Телефон немесе қолданба арқылы хабарласуға болатын арнайы дайындалған медбикелер сұрақтар мен туындаған мәселелерді шешу үшін кез келген уақытта қолжетімді. Емдеу басталмай тұрып, күтім жасайтын отбасы мүшелері ауруханада қысқа дайындық курсынан өтулері керек. 

Қазіргі таңда ірі аурухананың 600-ге жуық емделушісі үйден белгілі бір дәрежеде ем қабылдап жатыр. «Жоба басталғаннан бері, емделушілерден өмір сапасы жайлы сұрап келе жатырмыз. Сауалнама нәтижесін ауруханада жатқан емделушілердікімен салыстырып көрдік», дейді Чансривонг. Үйдегі күтімдегі емделушілердің көңіл толу деңгейі жоғары және емдеу нәтижесі ауруханадағы емделушілердікімен бірдей жақсы. «Айықпас дертке шалдыққан науқастар үшін үйден емдеу олардың өмірін орташа есеппен бірнеше айға ұзартады». Сонымен қатар, шығын мен төсекті үнемдеудің арқасында көптеген адамдар тиісті медициналық күтім ала алады. Аурухана төсектеріне мұқтаж емделушілерге көбірек орын қолжетімді. Тәжірибенің тиімді болғаны соншалық, аурухананың директоры Лилаудомлипи: «Біздің мақсатымыз — алдымен көршілес ауруханада, содан кейін бүкіл елде осы бағдарламаны жүзеге асыру» дейді.

Бұл қиын жағдай Германияда да байқалды: денсаулық сақтау қызметкерлері тапшы, ал ауруханалар шығынға айтарлықтай ұшырауда. Дегенмен емделушілер қауіпсіз және тиімді емге мұқтаж. Үйден емделу емделушілерді осы қажеттілікпен қамтамасыз етуге көмектесуі мүмкін. Мысалы, диализдегі емделуші Маттиас Хэтчер мен оның әйелі. «Өміріміз қайтып өз орнына келді», дейді Клаудия Хэтчер. «Ертең фильмге барамыз».