Бір-бірімізге құлақ асу арқылы бірігіп жұмыс жасау

Бір-бірімізге құлақ асу арқылы бірігіп жұмыс жасау

B. Braun инновация зертханасындағы симпозиумда интердисциплинарлық сарапшылар тобы денсаулық сақтау жүйесінің маңызды сұрақтарына жауап іздейді.

Бұл — тәжірибе. Сондай-ақ бұл — B. Braun компаниясы тәжірибемен алмасу үшін көбірек мүмкіндік туғызып отырған диалог процессінің бастамасы.

Бұрынғы зауыт ғимаратының бірінші қабатындағы ауыр, қызыл металдан жасалған есік шектеуші рөлін атқарады: күнделікті қасаң қалып пен бизнес әдеттегідей осында тексерілуі керек. Осы шектен асып, баспалдақпен жоғары өрлейтін кез келген адам жаңа идеялармен, мүмкіншіліктермен қатынасуға дайын болуы тиіс. Қабырғада ілініп тұрған автошабандоз Марио Андреттидің дәйексөзінде: «Барлығы бақылауыңызда болса, сіз жеткілікті жылдамдықпен жүріп келе жатқан жоқсыз» делінген. Баспалдақтағы постерде де: «Жайлылық аймағынан шығыңыз» делінген. Кез келген жағдайда әркім оған дайын емес.

Werk_39, B. Braun инновация зертханасына қош келдіңіз

Кең, ашық симпозиум алаңында соңғы дайындықтарды жүргізіп жатқан дизайн сарапшысы және модератор, Антон Фелд: «Бұл — бейтарап аймақ» дейді. Werk_39 зертханасында B. Braun инженерлері мен технологтары аурухана ұжымымен бірлесіп, ота бөлмесінің тиімділігін арттыру үшін жаңа өнімдермен жұмыс жасайды. Тіпті 21 ғасырда адам миынан күшті құрал жоқ деп саналады. Бар керегі тек оның дұрыс жұмыс жасауы үшін тиісті жағдайлардың болуы.

„Біз симпозиум қатысушыларына тәлім беріп, талдау жасағанда қолдау көрсетіп, мәселелер мен кемшіліктерді анықтауға көмектесеміз“

– дейді Антон Фелд, дизайн сарапшысы және модератор

1-ҚАДАМ: БАСТАУ

Осы қысқы күннің кешінде Германиядағы Тутлинген қаласында өнім дизайны артқа қарай ығыстырылып, маңыздырақ мәселе талқыланды: «Денсаулық жүйесінде тиімділік пен әділеттілікті қалай арттыруға болады?» Бұл мультидисциплинарлық симпозиумға бүкіл Еуропадан сарапшылар жиналды. Денсаулық сақтау экономисті Аксель Мюльбахер Брюссель қаласынан келіп отыр. ДДСҰ кеңесшісі Илона Кикбуш Берн қаласынан келіп отыр. Дәрігер және кәсіпкер Пауль Бранденбург Берлин қаласынан келіп отыр. Философ Вейма Люббе, заттар интернетінің сарапшысы Тобиас Гебхардт және хирург Флориан Соммер болашақ жайлы пікірлесу үшін келді. Бұл жер кәсіби жаргонизмдер айтылып, әркім өз пікірін қорғайтын форматтағы әдепкі ток-шоу емес. Оның орнына олар жайлылық аймақтарынан шығып, орта мақсат үшін бірге жиналып отыр.

„Бұл — тәжірибе. Бүгінгі күннен қандай нәтиже күтілетінін білмейміз. Дәл осы тұсы өте қызықты! “

– дейді Маркус Стротман, физик және B. Braun компаниясының басқару комитетінің мүшесі, симпозиум ұйымдастырушысы.

2-ҚАДАМ: ЗЕРТТЕУ

Максималды әділ және тиімді денсаулық сақтау жүйесі: өткенге көз жүгіртейік. Бұл салаға 2017 жылы Германия 374 миллиард евро жұмсады. Бұл шамамен Германияның жалпы ішкі өнімінің 11%-ын құрайды, 1992 жылы бұл шама тек тоғыз пайыз құрады. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) болжамы бойынша, 2060 жылға қарай денсаулық сақтаудың жаһандық шығындары екі есе көп болады. Бірақ Германиядағы кедейлердің өмір сүру ұзақтығы байлардікінен он жылға қысқа. Не істеуге болады?

Топ кідіріп, танысып, содан кейін тақырыпты талқылауға кіріседі. Симпозиум азырақ мінберден басқарылып, көбірек топтық ашық пікірталас форматында өтеді. Бұған біраз үйрену керек. Алдымен олар кейбір жазбаларды жазып алады. Терминдер. Тәсілдер. Анықтамалар. Фелд барлығын жасыл түсті фломастермен тақтаға жазады. Ол бұл жағдайды «ой қозғайтын, жылы шырай атмосфера» деп атайды.

Аксель Мюльбахер: «Шынымды айтсам, әділеттіліктің не екенін білмеймін. Әзірге денсаулық сақтауда тиімділікті өлшейтін еш қабылданған тәсіл жоқ. Сондықтан біз алты сағат ішінде «Э́врика!» деу үшін үлкен нәрсе болуы керек еді». (күледі)

Вейма Люббе: «Біз әділеттілік пен тиімділік арасындағы тарихи интеллектуалды байланыс туралы да айтуымыз керек еді. Экономистер тиімділікке бағытталып, басқа пәндерді әділеттілік жайлы қалай ойландырып қойды?»

Пауль Бранденбург: «Бұл тіпті дұрыс терминдер ме?»

Илона Кикбуш: «Бұл жерде адамдардың денсаулығына құқығы бар екені айтпаса да түсінікті. Бірақ бұл пікірдің адамзаттың 50 пайызына қатысы жоқ. Адамдар бір уақытта ауырып, кедейленеді».

Маркус Стротман: «Бұл пікірсайыстан тірек нүктені табу біздің міндетіміз. Денсаулық сақтау жүйесі не істеуі керек?»

3-ҚАДАМ: ТӘЖІРИБЕ ЖАСАУ ЖӘНЕ ҚҰРУ

 

10:30 таңғы үзіліс Оған қарамастан, пікірсайыстан теріс айналудың, смартфон экранындағы жеке өмірге кетудің орнына, симпозиум қатысушылары ұсақ топтарды құрып, әңгімелесіп, күмәнданып, ой ойлап, жұмыстарын әрі қарай жалғастырды. Werk_39 зертханасы B. Braun аналогтық шығу тегі мен сандық, білім қоғамы арасына байланыс орнатады. Бір жағында зауыттың С тәріздес бұранда қысқыштары ақпараттық материалдарды ұстап тұр.

Қаламдар, стикерлер сияқты симпозиум құралдары ағаштан жасалған ескі сайман салатын жәшіктерде жатыр. Смартфондардың заманауи ақпараттық архитектурасының, проекторлар мен WiFi стендтердің фонындағы сырланбаған қабырғалар, ашық ағаш жақтау мен кабельдік торламалар - ғимараттың ішкі құрылымы сыртқа ашылған күйінде. 

„Біз әдістердің артында тұрған негізгі қағидаларды ұмытып кетеміз. Тек жасалған өнімге назар аударамыз“

Бұл тап біздің түпкі мақсатымыз: беткі қабаттың астындағысына үңілу. Симпозуим қатысушылары пікірсайысты екі сұрақпен шектеуге келісіп, екі топқа бөлінеді:

А тобы: денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігі

«Қарқынды жылжу», «бұл шынымен әдеттен тыс», «жүйенің дәл қалай жұмыс істейтінін емделушілердің тек 15 пайызы біледі», «бағасы болмаса, құны да болмайды» деген сөздер кең бөлмеде шарлап жүр. Стротман, Кикбуш, Соммер және Гебхардт тобын бір минутқа тыңдамасаңыз, әңгіменің төркінін түсінбей қаласыз. Менеджер, доктор, саясаттанушы мен стартап ашушы бір-бірін жақсы толықтырып, ортақ тіл табады: «Әркімнің денсаулық сақтау жүйесіне қол жеткізуге құқығы бар».

Тобиас Гебхардт: «Қолжетімділіктің жетілуі — басқарудың жақсарғанының белгісі».

Флориан Соммер: «Дәл нені меңзеп тұрсыз?»

Тобиас Гебхардт: «Иә, біз оны айқындауымыз қажет».

Бұл мәлімдемелер тақтадағы қызыл, жасыл фломастер сызықтары мен стикерлерден құралған матрицаның негізі. Бір айқын жайт: ешкім бұл мәселені жалғыз шеше алмайды. Бұл жерде теріс айналсаңыз, әрі қарай бәрі өздігінен жақсарады немесе тіпті жақсы болады деген мәміле жоқ. Адамдар жеке жауапкершілікті көбірек алулары керек. Сақтандыру компаниялары мен жұмыс берушілер тиімді мінез-құлықты марапаттау үшін ынталандыруды қолданулары қажет. Қызмет ұсынушылар адамдарға шынымен көмектесетін әр алуан қызмет түрлерін, ұсыныстарды ұсынулары керек. Бұның бәрі біріктірілуі керек. Бұл жердегі жақсы жаңалық — адамдар бірге жұмыс жасауда.

В группасы: әділеттілік және тиімділік

Екінші симпозиум тобы басқа, неғұрлым құрылымды пікірталас тәсілін таңдады. Философ Вейма Люббе, экономист Аксель Мюльбахер және доктор Пауль Бранденбург дөңгелек, шағын үстелге отырып, тыныш болса да, қызу пікірталасқа түсті. Әріптестердің пікірталас серіктестері жаңа, шебер тұжырымдамалар немесе әсірелеулер ойлап тапқан кезде бірнеше рет интеллектуалдық сүйсінуі байқалады. Дегенмен бәрінің мақсаты бір: «Мәселенің негізгі бөлігі жабдықтаудың жетіспеушілігі емес, емделушілерге арналмаған асыра жабдықтау».

Вейма Люббе: «Өте дұрыс. Бірақ бұл әзірше жаңартпашыл ұсыныс емес».

Пауль Бранденбург: «Көп адамдарға бұл болмашы мәселе. Көбісі жүйе жұмыс істейді деп ойлайды. Іс барысында көп ақша жоғалады. Бұны қалай тоқтатамыз?»

Аксель Мюльбахер: «Емделушінің пайдасы өлшенбей, тиімді денсаулық сақтау өлшенбейді».

Вейма Люббе: «Сіз үшін тиімділік деген не? Тауарларды таратқандағы бір адамға пайда келіп, ешкімге зиян тимейтін өзгеріс пе? Әлде қаражатты ең өнімді жерге ауыстыру ма?»

Аксель Мюльбахер: «Емделушінің пайдасы әділеттілікке байланысты десек ше?»

Вейма Люббе: «Қай емделушінің пайдасы? Кімнің нені алатынын шешкендегі мәселе осы. Сонымен қатар әділеттілік — басқаларының арасында құндылығы жоқ шешуші фактор. Ешкім де денсаулық сақтау саясатын «бұл әрекет әділетсіз болса да, негізінде пайдалы» деп жүргізбейді. Ондай болмағаны да жақсы».

Аксель Мюльбахер: «Демек тиімділік әділеттіліктен кейін тұрады. Әлеуметтік тұрғыдан бұған мен де келісер едім».

Пауль Бранденбург: «Сонымен қатар ысырапшыл жүйе міндетті түрде әділетсіз болады».

4-ҚАДАМ: ТАСЫМАЛДАУ

Әдетте симпозиум күнінің соңында пікірсайыс барған сайын құрылымды бола бастайды. Қатысушылар әдістеме арқылы ең маңызды тақырыптарды басымдылықпен реттейді—ұнатқан тәсіліңізге түрлі-түсті нүктені қоятын нүкте белгісімен дауыс беру сияқты әдістер. Келесі қадамдарға, істер тізімі мен даму жоспарларына бағытталады. Әрине, B. Braun симпозиумы денсаулық сақтау жүйесі 21 ғасырдың қиындықтарын қалай жақсы игере алатындығы туралы көптеген идеяларды дамытты:

  • Теріс ынталандыру қаражаттың дұрыс бөлінбеуіне ықпал етеді.
  • Жылдам, ақылды жаңа идеялар өмірлерді сақтап қалуы мүмкін.
  • Емделушілерді емдеу әдістерін жетілдіру және дәрігерлер мен медбике мамандарын дайындықтан өткізу.

Бірақ werk_39 симпозиумы жасалған өнім жайлы емес, негiзгi қағидалар жайлы. Негіздерге көшетін уақыт келді. Әсіресе, даму өте тез болған кезде мүмкіндіктерді тәуекелдерден ажырату қиынға түседі. Сондықтан B. Braun симпозиумы бағытын өзгертеді. «Әрине, денсаулық сақтау жүйесін қоғамнан бөліп қарауға болмайды», дейді Илона Кикбуш. «Әсіресе, біз тұтынушылар қоғамында өмір сүріп жатқандықтан, әркімнің қалауы келесі дәрі, келесі емдеу түрі». Керісінше, бұл, әрине, денсаулық сақтау жүйесін қоғамның көзқарасы өзгерген кезде уақытты, күтімді, ноу-хау мен технологияны пайдалану арқылы ғана түбегейлі жетілдіруге болады дегенді білдіреді. Бірақ бұл мүмкін емес: «Паллиативті медицинада соңғы бес жылда көп нәрсе болды», дейді Флориан Соммер. Бұл жиналғандардың сөзсіз келісімін тудырады. «Жаңа процесс азырақ ресурстарды талап етіп, емделушілерге жақсырақ тәжірибе ұсынады».

Әділетті денсаулық сақтау жүйесі мәселесінде алға жылжыдық па? «Әділеттілік туралы теория қиын және даулы сала, бірақ соған қарамастан қажетті», дейді Вейма Люббэ. «Түсіндірген кезде көптеген нәрселерді белгілеп өтуге болады, мысалы әділеттілік тепе-теңдікпен бірдей дегенді білдірмейді. Басқаша айтқанда, біз өмірден өткенде ғана бір-бірімізбен тепе-теңдікте боламыз». Бөлме бір сәтке үнсіз қалады. Барлығы ой үстінде. Мінбер пікірталасында немесе ток-шоуда әркім сөз сөйлеу уақыты үшін таласады. Бұл жерде барлығы бір-біріне құлақ асады. «Кейде философ та болуымыз керек», дейді Маркус Стротман күлімсіреп.

„Мен көп нәрсе үйрендім. Әңгіме әрі қарай жалғасады.“

– Маркус Стротман, Braun Melsungen AG компаниясының басқару комитетінің мүшесі

Бір симпозиуммен бәрі аяқталмайды. Бұл процесстің бастамасы. Барлық мәселелер шешілді ме? Әрине шешілмеді. Соған тұрарлықтай болды ма? Әрине!

What's left from the workshop day

The expert’s workshop at werk_39 was just the beginning of a lasting, exciting process. We would like to discuss the following questions with you:

  1. What positive incentives get people to be healthier and put less strain on the health care system?
  2. How do we improve the health skills of patients, nurses, doctors and management in the digital age?
  3. How do we determine the patient benefit of treatments in the most rational way possible—and avoid futile care?
  4. What new technologies are promising?
  5. What values do we as a society need to discuss to lasting improvement in the health care system?

Do you want to participate in our discussion? Send us an e-mail at lets-talk@bbraun.com.

We look forward to your input.

Жүктеп алу

Сипаттамасы Құжат Сілтеме
Efficiency and Fairness in the Healthcare System
pdf (4.3 MB)