B. Braun ЕЛ АТАУЫ

Құрылымды сұхбат арқылы тиімді шешімдер

B. Braun Medical Kazakhstan ЖШС — бұл бүгінгі таңда денсаулық сақтау шешімдерінің әлемдегі жетекші провайдерлері мен өндірушілерінің бірі B. Braun деп аталатын Германия компаниясының Қазақстандағы еншілес компаниясы. B. Braun компаниясы ұсынатын кез келген қызмет біздің білім мен дағдылар жиынтығымыздан, компанияның пайдаланушы қажеттіліктерін терең түсіну қабілетінен және 1839 жылдан басталған мол іскерлік тәжірибемізден тұрады. Тиімді медициналық күтім көрсету шешімдерінің үнемі жетілдірілетін жинағының арқасында B. Braun компаниясы Қазақстанның және бүкіл әлем халықтарының денсаулығын қорғауға және жақсартуға елеулі үлес қосады. Біз қазақстандық медициналық мекемелерге медициналық жабдықтар жеткізетін жетекші компаниялардың біріміз.
Қазақстанда, бүкіл әлемдегідей, B. Braun компаниясы өз ережелерін барлық салада қатаң түрде сақтайды. Біздің міндетіміз — емделушілер мен медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызметкерлерімізге қолдау көрсету және қоршаған ортаға құрметпен қарау.
B. Braun Medical Kazakhstan ЖШС компаниясы 2007 жылы құрылды және қазіргі уақытта Қазақстанның түкпір-түкпірінде 60-қа жуық қызметкеріміз бар. Алматыдағы бас кеңсеміз арқылы Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Қырғызстан сияқты барлық басқа Орталық Азия елдеріндегі бизнесіміздің дамуына да жауаптымыз.