Тұрақты даму B. Braun компаниясы

Біздің жауапты корпоративтік азамат ретінде міндетіміз

Тұрақты даму B. Braun компаниясының корпоративтік қызмет түрлері үшін маңызды басшылыққа алынатын қағидат болып табылады. Біз үшін бұған ұзақ мерзімді өсу арқылы ұмтылып жатқан экономикалық жауапкершіліктен басқа, көптеген жобалар арқылы көрсететін экологиялық және әлеуметтік жауапкершілікте кіреді.

Қызметкерлер, қоғам және қоршаған орта үшін тұрақты құндылықтарды жасау біз үшін маңызды болып табылады. B. Braun компаниясы "қоғамның бір бөлігі" және бүкіл әлемде жұмыс істейтін, отбасылық компания ретінде аймақтарға қолдау көрсетеді, білімді толықтыру мен алмасуға мүмкіндік туғызады және қазіргі уақыттағы және келешек ұрпақтар үшін болашақты қалыптастырады.